РАЙЫМБЕК АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ТАҒЫ БІР БІЛІКТІ МАМАНМЕН ТОЛЫҚТЫ!
Райымбек аудандық ауруханасының ұжымы
дәрігер-реабилитолог
Шакеева Жансая Жанайқызымен толықты.
👩⚕️ Шакеева Жансая Жанайқызы 1995 жылғы 4 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген.
🎓 Білімі:
2001–2012 жылдары жалпы орта білім алған.
2012–2017 жылдары С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім алған.
2017–2019 жылдары С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Терапия» мамандығы бойынша интернатурада білім алып, дәрігер-терапевт біліктілігін алған.
2019–2021 жылдары аталған университетте «Терапия» мамандығы бойынша резидентурада білімін жалғастырған.
2019 жылы «Авиценна» оқу орталығында «Реабилитация» бағыты бойынша қайта даярлау курсынан өткен.
🏥 Еңбек жолы:
2020 жылдың маусым–тамыз айларында И.С. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында COVID-19 инфекциясы бойынша дәрігер-терапевт болып қызмет атқарған.
2021–2024 жылдары №1 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімінде дәрігер-терапевт болып еңбек еткен.
2024–2025 жылдары №4 қалалық емханада дәрігер-реабилитолог қызметін атқарған.
2025–2026 жылдары №5 қалалық клиникалық ауруханада дәрігер-реабилитолог болып қызмет атқарған.
Бүгінде Шакеева Жансая Жанайқызы Райымбек аудандық ауруханасында дәрігер-реабилитолог қызметін атқарады.





