🏥 РАЙЫМБЕК АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ТАҒЫ БІР БІЛІКТІ МАМАНМЕН ТОЛЫҚТЫ!
Райымбек аудандық ауруханасының ұжымы
дәрігер-оториноларинголог
Әмихан Биқожа Талғатұлымен толықты.
Әмихан Биқожа Талғатұлы 1994 жылы 2 ақпанда Түркістан облысы Жетысай ауданында дүниеге келген.
🎓 Білімі:
2000–2011 жылдары жалпы орта білім алған.
2012–2017 жылдары С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім алған.
2017–2019 жылдары С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығы бойынша интернатурада білім алып, жалпы тәжірибелік дәрігер біліктілігін алған.
2023–2026 жылдары аталған университетте «Оториноларингология ересектер, балалар» мамандығы бойынша резидентурада білімін алған.
🏥 Еңбек жолы:
2017-2020 жылдары Алматы қаласы “Қалалық жедел медициналық жәрдем” қызметінде фельдшер
2020-2023 жылдары Алматы қаласы “Қалалық жедел медициналық жәрдем” қызметінде дәрігер болып қызметін атқарған.
2020-2022 жылдар “Научно-практический медицинский центр” тәжірибелік дәрігер болып қызмет атқарған.
2023 жылы қантар-маусым айлары №7 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімінде дәрігер-терапевт болып еңбек еткен.
2024-2025 жылдары Эвелина мед клиникасында дәрігер оториноларинголог
2025-2026 жылдары Лор Мед клиникасында дәрігер оториноларинголог
Бүгінде Әмихан Биқожа Талғатұлы Райымбек аудандық ауруханасында дәрігер-оториноларинголог қызметін атқарады.





