Выберите язык

КГП на ПХВ "Райымбекская районная больница"
Официальный интернет-ресурс
Райымбек аудандық ауруханасының ұжымы дәрігер-офтальмолог Акимханова Баян Джолишбековнамен толықты.

Райымбек аудандық ауруханасының ұжымы дәрігер-офтальмолог Акимханова Баян Джолишбековнамен толықты.

🏥 РАЙЫМБЕК АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ТАҒЫ БІР БІЛІКТІ МАМАНМЕН ТОЛЫҚТЫ!

Райымбек аудандық ауруханасының ұжымы
дәрігер-офтальмолог
Акимханова Баян Джолишбековнамен толықты.

Баян Джолишбековна 1988 жылы 2 маусымда дүниеге келген.

🎓 Білімі:

1995–2006 жылдары Б. Соқпақбаев атындағы орта мектепте білім алып, орта білім алған.

2006–2012 жылдары С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алып, дәрігер біліктілігін алған.

2012–2013 жылдары С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Емдеу ісі» мамандығы бойынша интернатурадан өтіп, дәрігер-офтальмолог біліктілігін алған.

2019 жылы РМА ЮКО филиалында «Офтальмологиядағы инновациялық технологиялар» циклі бойынша офтальмология мамандығы бойынша біліктілігін арттырған.

🏥 Еңбек жолы:

2013–2017 жылдары — Ақсу ауданының орталық аудандық ауруханасында дәрігер-офтальмолог болып қызмет атқарған.

2017–2019 жылдары — Талдықорған қаласындағы №2 қалалық емханада дәрігер-офтальмолог болып еңбек еткен.

2021-2026 жылдары «Табиб Мед» ЖШС-де дәрігер-офтальмолог қызметін атқарған

Бүгінде Акимханова Баян Джолишбековна Райымбек аудандық ауруханасының ұжымында дәрігер-офтальмолог қызметін атқарады.

Маманға жаңа қызметінде сәттілік, кәсіби жетістіктер және халық денсаулығы жолындағы еңбегіне толағай табыс тілейміз! 🏥💐